Previous Page  59 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 520 Next Page
Page Background

59

Тазалық

2. Етін жеуге болмайтын бүркіт, сауысқан секілді

әуеде ұшқан құстардың саңғырықтары.

3. Әрбір малдың өті – сол малдың ластығы

29

.

Әжетхана әдебі

Әжетханаға кірерде Пайғамбарымыздың мына

дұғасы оқылады:

{ألّلهُمّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ}

«Аллаһумма инни

ә’узу бика минал-хубси уал-хабаис» – «Аллаһым,

ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын»

.

Бұдан кейін ішке кірерде – сол аяқпен, шығарда – оң

аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пай-

далану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым

салған

30

. Сыртқа шыққан кезде:

هِّ الّذِي أذْهَبَ عَنِّي

{ألْحَمْدُ ل

الاَذَي وَ عَافَاني}

«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-

әзә уә ‘аафани»

,

«Қиындықтан арылтып, жеңілдік

берген Аллаһқа шүкір»

дұғасы оқылады.

Ел жүретін жерге дәрет сындыру дұрыс емес.

Пайғамбарымыз:

«Кімде-кім мұсылмандардың жүрген

жолына дәрет сындырса, Аллаһ пен періштелер және

барлық адамдар оған лағынет етсін»

31

– деп қатты

ескерткен. Басқа хадисте былай айтылады:

«Үш нәрседен

сақтаныңдар: Су қайнары, жол ортасы және көлеңке.

Мұндай жерлерге дәрет сындырмаңдар»

32

. Аллаһ Елшісі

осылайша тазалыққа қатты маңыз берген.

29

Ибн Рушд, Әбу Уәлид Мухаммәд ибн Ахмәд әл-Хафид.

Бидайәту’л-Муштәһид уә Ниһәиәту’л-Муктәсид. Станбул.

1933.

30

Бухари, Уду´, 1,11.

31

Мәжмәу´з-Зәуәид, І.204.

32

Муслим, Таһарат, 68.