Previous Page  55 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 520 Next Page
Page Background

55

Тазалық және көлемі

Ислам діні тазалыққа үлкен мән берген. Аллаһ Тағала

алдына шығу үшін дене, киім және намаз оқитын жердің,

жүректің тазалығын әмір еткен. Құранда тазалыққа

үлкен мән бергендер мақталған және бұл Аллаһтың

сүйіспеншілігіне лайық іс екені айтылған:

«Сөзсіз,

Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»

19

.

Негізінде, сыртқы тазалыққа қарағанда, жүрек тазалығы

аса маңызды. Өйткені, сырты сұлу болғанмен, ішкі әлем

кірленсе, ешкім иманның ақиқатына жете алмайды.

Аллаһ мәңгілік бақытқа қол жеткізушілердің алғашқы

сипатының тазалық екенін баяндайды:

«Әлдекім тазар-

са, ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз

оқыды»

20

. Құранда киім мен ғибадат жерінің тазалығына

назар аударған.

Пайғамбарымыз тазалықтың маңыздылығы жайлы

былай дейді:

«Тазалық – иманның жартысы»

21

, «Аллаһ

тазалықты жақсы көреді»

22

.

Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге қарап,

тазалықты төртке бөледі:

1. Дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан

тазаруы.

19

Бақара, 2/222.

20

Ағла, 87/14-15.

21

Муслим, Таһарат, 1;

22

Тирмизи. Сунән. Египет. 1937. Әдеб, 41.