Previous Page  57 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 520 Next Page
Page Background

57

Тазалық

жасалмайды. Суда топырақ, кір жуу ұнтағы, сабын секілді

заттардың құрамы аз болса, тазалаушы рөлін атқара

алады. Сол секілді дәрет пен ғұсылда қолданылған су

«қолданылған су» деп аталады. Мұндай сумен ластықты

тазалауға жараса да, дәрет, ғұсыл алынбайды

26

.

3. Сүрту арқылы тазалау: Пышақ, леген, шыны, т.б.

сол секілділер кірленгенде топырақ немесе ылғал мата-

мен ластық кеткенге дейін сүртсе, таза деп есептеледі.

Мысалы, қой сойған пышақты жақсылап топыраққа

ысқылап сүртсе, таза. Мұндай пышақты беліне байлап,

намаз оқыса, намазы дұрыс. Дәлеліміз: Сахабалар

соғыста дұшпанмен айқасып, кейіннен қылыштарын

сүртіп, намаз оқыған.

4. Отқа қою арқылы тазалау: Темірде қан секілді лас

нәрселер болса, оны темірді отқа қою арқылы тазалауға

болады.

5. Доңыздан басқа кез-келген өлген хайуанның

терісі иленсе, таза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

«Кез- келген тері иленсе, таза»

27

.

Таза саналған нәрселер

Исламда жер, су, өсімдіктер, ағаштар, жемістер,

доңыздан басқа барлық жан-жануарлардың сыртқы

денелері, тірі иттің жүні мен терісі таза. Сондықтан

бұларға тиген су да таза саналады. Көгершін секілді

жеуге болатын құстардың саңғырығы таза. Көкте ұшқан

бір көгершін Ибн Омарға саңғып кеткенде, саңғырықты

сүртіп тастап, намаз оқығаны осыған дәлел. Көшедегі

26

Кәсани, Алауиддин Әбу Бәкр ибн Мәсууд. Бәдәуи´с-Санай’и

фи Тәртбиш-Шәрәй’и. Бәйрут.1974. 83-87.

27

Муслим, Хайыз, 105; Әбу Дәәуд, Либас, 38.