Previous Page  62 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 62 / 520 Next Page
Page Background

62

Ислам ғылымхалы

Сүннет және мәндүп ғұсыл

1. Айт намазы мен жұма намазынан бұрын.

Пайғамбарымыз хадисте:

«Жұма намазға келетін адам

ғұсыл алсын»

40

, – дейді. Пайғамбарымыздың жұма күні

ғұсыл еттірудегі мақсаты – адамның тер мен кірден

арылып, таза болуын қалауы. Басқа хадистерінде

Пайғамбарымыз жұма күні ғұсыл етіп, жақсы, таза киім

киюді және әтір (спиртсіз) сеуіп, тістерін тазалап келуін

насихаттайды

41

.

2. Қажылық немесе умра үшін ихрамға кіргенде

3. Арафат күні Арафатқа тұрарда

4. Күн мен ай тұтылғанда оқылатын намаз бен

жауын тілеу намазы үшін ғұсыл ету – мәндүп.

5. Мүбәрак түндерде, ақыл-есі орнына келгенде,

өлікті жуған және қан алдырған адамның жуынуы –

мәндүп.

6. Үзір қанынан айыққан әйелдің жуынуы

7. Сапардан оралған, жаңа киім киген адамның

жуынуы

8. Күнәға тәубе ету үшін жуыну

Ғұсыл парыздары

Құранда ғұсылдың парыз болуы айтылады:

«Егер

жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар»

42

. Бұл

аяттағы

«тазаланыңдар»

сөзі, дененің жуылуының

парыз екендігін көрсетеді. Басқа бір аятта былай-

40

Бухари, Жұма; 2,5.

41

Муслим. 7.26-27.

42

Маида, 5/6.