Previous Page  64 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 64 / 520 Next Page
Page Background

64

Ислам ғылымхалы

хадисі дәлел:

«Пайғамбарым! Менің шаштарым өрулі.

Жүніптік немесе хайыз үшін ғұсыл алғанда шашымды

тарқатайын ба»?

«Жоқ, басыңа үш рет су құйсаң жеткілікті. Сосын

үстіңе су құйып, жуынарсың»

46

.

Хазіреті Айша былай дейді:

«Біз өрілген шаштары-

мызды жаймай-ақ жуынатынбыз»

47

.

Кейде адам асығыстықтан денесінің кейбір мүшесін

жууды ұмытып кетіп, кейіннен есіне түссе, қайта ғұсыл

алудың қажеті жоқ. Тек қана сол жерді жуса, жетіп

жатыр. Бірақ парыз намазын оқып қойған болса, қайта

оқуы керек.

Ғұсыл алған адамның егер тісі алтын, күміс

секілді нәрселермен қапталған, ойықтары толтырылған

болса, ғұсылға кедергі етпейді. Өйткені, бұл жараға

таңған орауыш секілді. Орағыштың бетіне мәсіх тарту

қандай болса, бұл да сондай. Ханафилардың атақты

ғұламаларынан Кәсанидің «қапталған тіс – тістің рөлін

атқарады» деген фәтуасы бар.

Жүніп адам ғұсыл алу ниетімен аузы мен мұрнын

сумен шайқап, одан кейін көлге, өзенге, хауызға сүңгісе

немесе – жауын астында тұрып, барлық денесіне су тисе,

ғұсыл алған болып саналады

48

.

Жүніп мұсылман тәндік тұрғысынан лас саналмай-

ды. Мұндай жағдайда дәрет алып, тым болмаса қолы мен

аузын сумен шайып тамақ жей алады. Басқа істерін де

жасай алады

49

. Жүніп – рухани ластық. Ондай адаммен

46

Муслим, Хайыз; 58.

47

Әбу Дәәуд, Таһарат; 99

48

Рәддул-Мухтар, 1.140.

49

Әбу Дәәуд, Таһарат: 87.