70
Ислам ғылымхалы
оқуына болады
63
. Сол секілді мешітке де кірулеріне бол-
майды. Бір хадисте былай айтылған:
«Ешқандай хайыз
әйел, жүніп кісі мешітке кіре алмайды»
64
. Етеккір кезінде
жыныстық қатынас та жасай алмайды. Аятта былай ай-
тылады:
«(Мұхаммед) олар сенен етеккір жайында
сұрайды. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар...
де»
65
.
Әйелдің үзір қаны (итихада)
Үзір қаны – құрсақтан емес, дененің бір тамырынан
ағатын қан. Балиғат жасына жеткен әйелдің үш күннен
аз, он күннен артық аққан қаны хайыз қаны емес, үзір
қаны болып табылады. Нифас болған әйелдің қырық
күннен кейінгі және жүкті кезіндегі қаны да үзір қаны.
Әйелдің мұндай үзірі ғибадатқа кедергі келтірмейді.
Тек дәреті болған кезде ақса, жарадан аққан қан секілді
дәретті бұзады. Тоқтаусыз жалғасса, әйел «үзірлі»
қатарына жатып, әр уақыт намазға арнайы дәрет
алады.
Дәрет
Дәрет – Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру
үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы
тазалану түрі. Бұл – белгілі бір мүшелерді жуу және
мәсіх етуден тұрады. Дәрет – негізінде дененің ең көп
кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы
маңызды ғибадат. Сондықтан да дәретсіз намаз оқып,
63
ЗуҺайли, 1,470-471.
64
Ибн Мажә, Таһарат, 92,
65
Бақара, 2/222.