Previous Page  76 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 520 Next Page
Page Background

76

Ислам ғылымхалы

Ысырап

Хатими Әсам атты ғұлама ысырапқа қатты көңіл

бөлген. Бір ғалымның күнделікті өмірінде көп ысырап

жасайтынын естіп, арнайы іздеп барады.

Үйіне келіп: «Мен дінді жаңа үйреніп жүр едім, маған

ұстаз бол», – деп қолқа салады. Әлгі ғалым: «Алдымен

не үйренгің келеді?», – деп сұрайды. Хатими Әсам: «Ал-

дымен маған дәрет алуды үйрет», – дейді. Бұны мақұл

көрген ғалым баппен дәрет алып, әр мүшесін үш реттен

жуып шығады. Бәрін бақылап отырған Хатими Әсам

оған «Енді мен сенің көзіңше дәрет алайын, қателерім

болса, түзетерсің» деп, дәрет алуға кіріседі. Алайда,

шынтақтарына келгенде үш рет емес, төрт реттен жуады.

Бұны байқап қалған ғалым:

– Суды ысырап еттің, – деп ескертеді.

– Мен қай жерде ысырап еттім? – деп қарсы сұрақ

қояды сонда Хатими Әсам.

– Қолдарыңды шынтақтарыңмен бірге үш рет

жуудың орнына сен төрт рет жудың, – дейді ғалым.

Сонда Хатими Әсам оған қарап: «Мен бір ұрттам

суды ғана ысырап еттім. Ал, сен күніге қаншама жақсы

нәрсеге ысырап жасайды екенсің», – деген екен.

Ғалым кісі Хатими Әсамның дін үйрену үшін емес,

өзіне ысырап жөнінде сабақ беру үшін келгенін түсініп,

үйіне кіріп, қырық күн тәубеге бас қойған екен.

* * *