Previous Page  81 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 520 Next Page
Page Background

81

Тазалық

3. Жел шығуы. Хадисте желдің шығып-шықпағаны

жайлы күмәнданған адамға желдің дыбысы яки исі

сезілмейінше, дәреттің бұзылмайтыны жайлы айтыла-

ды

80

.

4. Аузы толып құсу. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Құсу

– дәретті бұзады»

, – дейді

81

. Ауыз тола су, тамақ, қан,

запыран секілді құсықтар дәретті бұзады. Қақырық

түкірік секілді болғандықтан дәретті бұзбайды.

5. Намазда дауыстап күлу. Бұл – жанындағы адамға

естілетіндей күлуі. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Кімде-кім

намазда дауыстап күлсе, дәретін жаңалап, намазын

қайта оқысын»

дейді

82

.

6. Ақыл-есінен айыратын жағдайлар дәретті

бұзады. Ұйықтау, ақылына нұқсан келу, талу, мас

болу секілді жағдайлар. Бірақ ұйықтау мәселесі басқа.

Егер адам бір нәрсеге сүйеніп немесе жантайып жатса,

я болмаса аяқтарын созып отырып ұйықтаса, дәрет

бұзылады. Өйткені, мұндай еркін ұйықтаған жағдайда

жел шығу ықтималы бар. Бірақ адам жерге жақсылап

отырып, ешбір жерге сүйенбесе немесе намазда қиямда,

рүкүғта, сәждеде ұйықтаса, тіпті намаздан тыс осылайша

ұйықтаса, дәреті бұзылмайды.

7. Жыныстық қатынаста болу.

8. Ерлі-зайыптылардың жыныс мүшелерінің киімсіз

бір-біріне тиюлері.

9. Мәсілерге мәсіх етілгеннен кейін жергілікті

тұрғынға бір күн, бір түннің, ал жолаушыға үш күннің

80

Бухари, Уду’, 34.

81

Тирмизи, Таһарат, 64.

82

Зәйлаи, Хафз Абдуллаһ ибн Юсуп. Насбур-Раиә ли Ахадиси

Һидаиә. 1973. 1, 47-54.