82
Ислам ғылымхалы
өтуі немесе мәсіх етілгеннен кейін сол уақыт ішінде
мәсінің біреуін болсын шешуі.
10. Үзірлі адамның алған дәретінің уақыты шығуы.
Белгілі бір себебі бар, мысалы, тісі қанай беретін адам
әр намаз уақытының ішінде сол уақыт үшін дәрет алу
керек. Жаңа азан оқылғанда сол уақытқа арналып алған
дәреті бұзылады да, оған жаңа уақыт үшін қайта дәрет
алуы қажет.
11. Тәйәммүм жасаған адамның суға қолы жетуі.
Дәретті бұзбайтын нәрселер
1. Адамның денесінің кез-келген жерінен шыққан
қан, сары судың жайылмай шыққан орнында тұруы.
2. Аузы толмай шыққан құсық.
3. Қатқан қанның қанамай үгіліп түсуі
4. Түкірік немесе сіңбірікке аз қан араласуы.
5. Ауыз тола қақырық тастау.
6. Мұрын, құлақ, болмаса бір жарадан дене
құртының түсуі.
7. Тістелгенжемісте нещеткада көрінген аққандығы
білінбеген қан ізі.
8. Кене, маса, сүліктің, т.б. тойғанша сорған қаны.
Бірақ сүліктің сорып болғаннан кейін жалғаса аққан қан
дәретті бұзады.
9. Жақсылап мығым отыру немесе намазда аяқта,
рүкүғте, сәждеде ұйықтау.
10. Намаздан тыс немесе жаназа намазында тұрып
я болмаса тиләуәт сәждесінде дауыстап күлу.
11. Жылау дәретті бұзбайды.
12. Дауыссыз жай ғана жымию намазды да, дәретті
де бұзбайды.