Previous Page  88 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 520 Next Page
Page Background

88

Ислам ғылымхалы

Орауышқа мәсіх тартып, дәрет алған адамның дәреті

бұзылғанда мәсіх те бұзылады

91

.

Тәйәммүм алу

Тәйәммүм – су болмаған кезде немесе су бола тұрып

пайдалана алмаған кезде таза топыраққа соққан қолдары

арқылы жүзін және екі қолын шынтаққа дейін мәсіх

ету.

Тәйәммүмнің алыну тәртібі төмендегідей:

Ғұсылы жоқ немесе дәреті болмаған адам екі қолын

топырақ жынысына жататын (құм, шаң, т.б. сияқты)

таза нәрсеге бір рет ұрып, жүзін мәсіх етеді. Осыдан

кейін екі қолын топыраққа қайта ұрып, осымен екі қолын

(сол алақанымен оң қолын, оң алақанымен сол қолын)

шынтақтарына дейін мәсіх етеді. Тәйәммүм ниет пен екі

мәсіхтен тұрады.

Тәйәммүм һижреттің алтыншы жылында Бәни

Мұсталық ғазауатында Аллаһ Елшісі мен мың шақты

Ислам әскері таң намазына су таба алмаған кезде мына

аятпен білдірілген:

«Егер науқастанып қалсаңдар

яки сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге

отырып келсе яки әйелдеріңе жақындасып, су таба

алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғып, беттеріңді,

қолдарыңды сипаңдар»

92

.

Тәйәммүмнің себептері

Су таба алмаған немесе жеткілікті су болмаған

кезде, судың жолында қауіп бар кезде, судың бір милден

(1848м) алыста немесе судың қымбаттығынан я болмаса

91

Ибн Абидин, 1, 129.

92

Ниса, 4/43.