89
Тазалық
сатып алар ақшасы болмаған жағдайларда тәйәммүм
алынады. Бірақ егер су бар екенін ұмытып тәйәммүммен
намаз оқып, біткеннен кейін есіне түссе, Имам Ағзам
мен Имам Мұхаммед бойынша қаза етпейді. Бірақ на-
мазда есіне түссе, намазын бұзып, сумен қайта дәрет
алып оқиды
93
.
Суды пайдалануға шамасы жетпеу. Қапаста қалу,
жабайы аңдардан, ұрлықтан қорқу, т.б. себептермен суды
пайдалана алмаған адам тәйәммүм алады.
Суды пайдаланса, ауруға шалдығуынан яки
науқасының қозатынынан қорыққан адам тәйәммүм
алады.
Судың аса қатты суық болуы. Суды пайдалану
мүшеге қатты зиян немесе ауруға шалдықтыратын
жағдайда тәйәммүм алады.
Тәйәммүм сүннеттері
Тәйәммүмді Аллаһ атымен бастап, тазалануға ниет
ету.
Екі қол саусақтарының арасын ашық ұстап, таза
топыраққа ұрып, ары-бері қозғау.
Қолдарындағы артық шаңды қағып тастап, бетті
мәсіх ету.
Қолдарынқайта топыраққа соғып, сосын саусақтарын
қағып, сол алақанымен оң қолын, оң алақанымен сол
қолын шынтақтарына дейін түгелдей мәсіх ету.
Алдымен жүзді, одан кейін қолдарды мәсіх ету.
Бұларды жасаған кезде көп кідірмеу.
Тәйәммүмді намаз уақыты кіргеннен кейін жасау.
93
Ибн Абидин, 1, 330.