Previous Page  91 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 91 / 520 Next Page
Page Background

91

Тазалық

тәйәммүм соғуға болады. Жүніп те болса, жаназа, не

айт намазына үлгере алмаудан қорыққан адам тәйәммүм

соғып, имамға ұйи алады. Өйткені, бұл екі намаздың

қазасы жоқ. Ибн Аббас былай дейді:

«Кенеттен жаназа

намазын көріп, оны өткізіп алудан қорықсаң, тәйәммүм

ал да, жаназа намазын оқы»

95

. «Кусуф» намазы да сол

секілді.

Тәйәммүмді бұзатын нәрселер

Дәрет пен ғұсылды бұзатын нәрселер тәйәммүмді

де бұзады. Өйткені, тәйәммүм – сол екеуінің уақытша

өкілі. Бірақ жүніп адам тәйәммүм алғаннан кейін дәреті

бұзылса, оның тек дәреті ғана бұзылады.

Тәйәммүм соғуды қажет еткен себептер жоғалғанда.

Яғни, дұшпанның кетуі, науқастың айығуы, т.б. сумен

дәрет алу мүмкіндіктерінің пайда болуы.

Суды көру яки бір дәретке болсын жететін су табыл-

са, тәйәммүмнің қызметі аяқталады. Намаз оқып тұрған

адам суды көрсе, тәйәммүм намазбен бірге бұзылады.

95

Зуһайли, 1, 442.