97
Намаз
Хазіреті Пайғамбарға елу уақыт намаз парыз етілген,
кейін азайтып беске түсірді. Сол кезде Аллаһ Тағала
былай деді: «Ей, Мұхаммед! Менің сөзім өзгермес. Бес
уақыт намазда сен үшін елу уақыт намаздың сауабы
бар»
103
.
Намаз балиғат жасына жеткен, ақылы толысқан
әрбір мұсылманға парыз. Бірақ жеті жасқа келген
балаларға намаз оқуды үйрету керек. Он жасқа келгенде
намаз оқымаса, жай-жай ұруға болады. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді:
«Балаларға жеті жасқа келгенде
намаз оқытыңдар, он жасына келгенде (намаз оқымаса
жай) ұрыңдар және сол жаста төсегін бөлек салып
беріңдер»
104
.
Бір күнде мұсылмандарға бес уақыт намаз – парыз.
Атау (нәзір), үтір, және айт намаздары – уәжіп. Бір
бәдәуи (шөл адамы) жайлы хадисте намаздың бес уақыт
екені айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Бір күннің
ішінде парыз етілген намаз бесеу», – дейді. Бәдәуи сонда:
«Менің бұдан басқа борышым бар ма?», – деп сұрағанда,
Аллаһ Елшісі: «Жоқ, егер өздігіңнен нәпіл намаз оқысаң,
ол басқа», – деп жауап қайтарады. Сонда бәдәуи: «Сені
ақиқатпен жіберген Аллаһқа ант етемін. Бұдан басқа
не артық, не кем намаз оқымаймын», – деді. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сөзі рас болса, ол
адам жәннатқа барады»
105
.
103
Тирмизи, Салат, 45; Нәсаи, Салат, 1; Ахмад б. Ханбәл, 3, 161,
4 208-209.
104
Әбу Дәәуд, Салат, 26; А. Ханбәл, 2, 180-187.
105
Бухари, Имам, 34; Шаһадат, Имам, 8-10-15-17-18; Әбу Дәәуд,
Салат, 1.