102
Ислам ғылымхалы
Намаз – адам баласының тән тазалығы мен жан
тазалығы. Рух азығы мен ар азығы. Адам намаз арқылы
ҰлыЖаратушыға тағзым етіп, өзінің пендешілігіне тәубе
етеді.
Иман
Иман – ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ
нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі.
Иман – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін
ғажайып тылсым қазына.
Ұлы Жаратушы әу баста
адамды айналасына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын,
иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының,
шеберлігінің алдында таңғалып бас исін деп мына дүниеге
жіберген. Демек, иман – адамның жаратылуының мән-
мағынасы, мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты.
Міне, адамның жаратылуының негізгі мақсұты Ұлы
Иесін табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстар-
дан ерекшелендіріп «ақыл-ой, сана» берілген. Ұлы Жа-
ратушы айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды
Өзін танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан.
Ондағы әрбір жаратылыс оқи білген адам үшін өз бол-
мысымен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен
Ұлы Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың
сырын түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны.
Сондықтан, Аллаһ Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке
(с.а.у.) түсірген алғашқы аятта:
«Иқра...»
яғни,
«Оқы!
Жаратқан Раббыңның атымен»,
– деп көз алдымыздағы
осы жаратылыс кітабын оқуды бұйырған.