Previous Page  103 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 520 Next Page
Page Background

103

Намаз

Төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып, үйлесімді

жүйемен тұрған сансыз жымыңдаған жұлдыздар мен

жан-жағымызды қоршап жатқан мың бір мағына-

хикметке толы жалпы жаратылыс және адамның өзі –

Ұлы Жаратушымызды танытатын ерекше үлкен кітап.

Аспан әлемінің әрбір қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-

жеке беттері, әрбір галактика – сол беттегі жеке-жеке

мағыналы сөйлем, сол галактикалардағы әрбір жұлдыз

– том-том кітаптарға пара-пар мағыналы жарық сөз. Жер

шары бұл үлкен кітаптың мазмұнын қамтитын негізгі беті

болса, адам баласы сол беттің негізгі мазмұн-мағынасы.

Барлығы ҰлыЖаратушы Аллаһты өз болмысымен таны-

тып, Оның бар екендігін һәм бір екендігін күллі әлемге

әйгілеп тұр.

Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы әр

нәрсенің орын-орнында тұрғанын, әрқайсысы өзіндік

мән-мағынамен безендірілгенін және оған белгілі бір

міндет жүктелгенін көреміз. Әр нәрседен сұлулық,

кемелдік, жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат

сияқты керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті

біздер сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге

қарай есептейміз.

Ендеше, өзіндік мағына, міндеті бар

кішкентай иненің де белгілі бір ұстасының болатыны

секілді, жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің,

жүйенің, мән-мағынаның да бір жаратушысы,

қоюшысы болуға тиіс.

Кейбіреулердің айтқанындай бұл әлем өз-өзінен,

кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені,

кездейсоқтық мына өте керемет жүйемен, нәзік те ғаламат

есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз әлемді,

жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан алуан жан-