Previous Page  109 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 520 Next Page
Page Background

109

Намаз

Әр ай сайын қолданған ыстық, суық суымыз бен

жаққан электр шамымыздың ақысын төлеп жатырмыз.

Ал, көзімізді ашқаннан бері бізге жылуы мен жарығын

күлімдей төккен күннің Ұлы Иесіне қандай ақы төледік?!

Төле деп талап еткенде немізді төлер едік?! Ендеше,

адамның міндеті тек қана ішіп-жеп, тайраңдау емес, осы-

ларды тегін берген Ұлы Жаратушысына алғыс білдіріп,

құлшылық жасау.

Абай атамыздың айтқанындай:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті».

Бізге сүйіспеншілікпен қарап, таусылмас

қымбат нығметтерді сыйлаған Ұлы иемізге біз де

сүйіспеншілікпен қарап, бас иіп, алғысымызды ғибадат

арқылы білдіруіміз – біздің ұмытылмас міндетіміз.

Адам дене мен рухтан тұрады. Денені күн сайын

ішкен-жеген тамақ арқылы қоректендіреміз. Ал

рухты немен қоректендіреміз? Рухымызды және оның

мазасыздығын дамыған ғылым да, шарықтаған экономи-

ка да, сәт санап өркендеген мәдениет те қанағаттандыра

алмайды. Адамның төрт түлігі сай болып, жегені май

болса да, бәрібір оған бір нәрсе жетпей тұрады. Өйткені,

оның сұрағаны заттық емес, рухани болмақ. Демек,

материалдық денеміздің материалдық қорек талап еткені

тәрізді рухымыз да рухани қоректі талап етеді. Олай

болса, рухымыздың, жан дүниеміздің қорегі – біздің на-

мазымыз, оразамыз, жалпы күллі ғибадатымыз. «Рағд»

сүресінде: ُ

أَلاَ بِذِكْرِ اهِّ تَطْمَئِنّ الْقُلُوب

«Біліп қойыңдар!

Жүректер тек қана Аллаһты еске алу арқылы жай

табады»

, – деп, ғибадат жасаған уақытта ғана рухымыз

еркін тыныс алып, жүрегіміз жай тауып, жан дүниеміз