Previous Page  111 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 520 Next Page
Page Background

111

Намаз

мақұрым. Құран Кәрім бұл шындықты:

«Құлдарымның

арасында шүкір етушілер өте аз»

, – деп ескертеді.

Иә, адам баласы кішкене ойланып-толғанса,

өзін қоршаған қай нәрсенің болмасын Аллаһ тара-

пынан арнайы әзірленіп, адам баласының қызметіне

ұсынылғанын түсінері сөзсіз. Тіпті, өзінің жоқтан бар

етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет.

Бірақ, бір қынжылтатыны, бұл нығметтің қадірін жете

түсініп, Жаратушысына деген шүкірінен жаңылмайтын

тіршілік иесі өте аз.

Мысалы, дарға асылайын деп тұрған жерінен бір

адамды екінші бір адам құтқарып қалса, өлім аузынан

қайтқан адам өміріне себеп болған әлгі адамға: «Мен

саған бұдан былай қарыздар болып өтемін, – деп оның

алдында құрақ ұшады. Істеген бір ғана жақсылығы үшін

бас иіп, өмір бойы ізет білдірері сөзсіз. Ал енді бізді

жоқтан бар етіп жаратып, әр ауа жұтып, тыныс алған

сайын бізді бір өлімнен құтқарып, бір өмір сыйлаған

Жаратушымызды ұмыт қалдырып, жақсылығы үшін

алғысымызды білдірмеуіміз дұрыс па?

Ұлы Жаратушымыздың адамға берген жақсылық,

нығметтері шексіз. Құранда:

«Егер Аллаһтың сен-

дерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса

алмайсыңдар»

, – делінеді.

Біз, адам баласы, денсаулықтың, әрбір он екі

мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін ойлап, қадірін

түсіндік пе? Оларды бізге тегін берген Раббымызға

рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарыздар

екенімізді сездік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа

жауап беру оңайға соқпаса керек.