Previous Page  112 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 520 Next Page
Page Background

112

Ислам ғылымхалы

Егер бізге біреу миллион ақша сыйласа, оған

рақметімізді жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал,

енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі миллиардтаған

жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та Аллаһтың

бізге тегін берген сау қолын сатып ала аламыз ба? Сатып

ала алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап қол жеткізе

алмайтын әрбір мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы

Жаратушымызға алғыс-рақметімізді білдірмейміз? Неге

«Аллаһу әкбар»

деп сәждеге бас ұрмаймыз?

Иә, тіпті ішкен-жеген асымызды табиғи жолмен

сыртқа шығарудың өзі де Ұлы Иеміздің үлкен

жақсылығы. Оның қадірін ұғу үшін бұл нығметтен

мақұрым ауруханалардағы жандарды барып көріп, атал-

мыш нығметтің қадірін түсінейік! Түсініп, Раббымызға

қарыздар екенімізді шын жүректен сезінейік!

Осыншама жақсылықтың, ырыс-берекенің

алғысы «шүкір» деген үйреншікті сөзбен шектелмейді.

Ұлы Иемізге деген шынайы алғысымыз бен

махаббатымыздың белгісі – Оның бұйырған әмірлерін

«ләббайк» деп, айна-қатесіз орындап, міндеттеген

ғибадаттарын толық атқару мен тыйымдарынан

түгелдей тыйылу. Ендеше, Оған деген алғысымыз

бен махаббатымызды осылай дәлелдеп, осылай

атқарайық!

Көбіне біз рахметімізді, алғысымызды шынайы

Иесіне емес, жолдағы түкке тұрғысыз себептерге білдіріп

жатамыз. Қалайша дейсіз бе? Базардан бір алма сатып

алдық делік. Сатушыға рахметімізді айтып, қолына

ақшасын ұстатамыз. Бірақ сол алманы «құлым жесін» деп

көз тартар сұлу пішінде жаратып, аузыңнан сілекейіңді

ағызар тамаша дәм мен мұрныңды жарар керемет жұпар