Previous Page  107 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 520 Next Page
Page Background

107

Намаз

Ал, енді сол суретшінің салған суретін бір сәт бағалап

көрелікші!... Өспейді, өнбейді, төрт мезгілде әр түрлі

құбылысқа енбейді, ағаштары жеміс бермейді, сулары

ақпайды, құстары сайрап, балықтары жүзбейді. Міне,

біздер осындай жансыз, жасанды, көшірме суреттер-

ге қарап таңғалып, таңдай қағамыз. Бірақ сырттағы

көркемдігі ғажап мына шынайы әлемге көңіл бөлмейміз.

Ондағы жұпар исі аңқыған сан алуан гүлдерді, әр түрлі

жеміс-жидегіншашу еткен ағаштарды, құрлық пен теңізді

мекендеген сансыз қасиетке ие жанды-жансыз атаулы-

ны, көздің жауын алар жасампаздыққа тұнып тұрған

жалпы табиғатты жаратқан негізгі Ұлы Суретшіні, шебер

Жаратушыны елемеуге бола ма? Саналы адам үшін

нағыз мақтауға ие сол Жаратушы емес пе? Қалай ғана

Оның құдыретінің, шеберлігінің, ұлылығының алдында

таңғалып, Оған мадақ, мақтау айтпастан жайбарақат

жүре аламыз?

Ендеше, адам баласының ең басты міндеті –

ҰлыЖаратушыны тану. Оның ұлылығын дәріптеп,

«Аллаһу әкбар», «Аллаһ Тағалам, сен қандай

ұлысың!» деп бас иіп, мадақ айту.

Иә, Оның шексіз құдыретінің, ұлылығының,

шеберлігінің, ілімінің алдында таңғала бас иіп,

мақтау айту – құлшылықтың нағыз өзі.

Намазымыздың әр рәкаттанда үнемі оқылатын

«Фатиха» сүресіндегі:

«Бүкіл мадақ та, мақтау да тек

қана бүкіл әлемнің Раббысы − Аллаһқа тән»

– деудің

мағынасы да осы болса керек.

Құлшылықтың тағы бір мәні – Ұлы Жаратушы та-

рапынан бізге тегін тарту етілген сан жетпес жақсылық,