110
Ислам ғылымхалы
тыныштыққа, шексіз рахатқа қауышып, ерекше ләззатқа
бөленетінін білдіреді.
Нұсқа айтсақ, ғибадат – рухымызға қорек, жүрегімізге
шипа, денемізге саулық, ақылымызға туралық, ерік-
жігерімізге қуат, сезімдерімізге кемелдік, әлсіздігімізге
сүйеніш сыйлайды. Ғибадат – өмірімізді ретке келтіріп,
күнәлардың батпағына батудан, рухани ластықтан
сақтайды.
Ғибадатымыз – екінші дүниемізге жинаған
азығымыз, мәңгілік дүниеде бақытты болудың бірден-
бір жолы да сол.
Ғибадатымыз – бәрінен бұрын Ұлы Жаратушының
бізге жүктеген ең ұлы парызы.
Ғибадатымыз –иманымыздыңбелгісі, әлсіздігіміздің,
мұқтаждығымыздың, шарасыздығымыздың, қысқасы,
құлдығымыздың нышаны.
БіздіңАллаһқа бас июіміз – басқаға бас имейтіндігіміз
үшін берілген шынайы антымыз бен сертіміз. Өйткені біз
Аллаһқа құл болған кезде ғана нәпсіге, дүниеге жалпы
барлық басқа жалған құлшылықтардан құтыламыз.
Тәніміз сәждеде барынша кішірейген сәтте, рухымыз
Ұлылардың Ұлысына самғай ұшып, көтеріліп жатады.
Шүкіршілік
Шүкір
– жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің
мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің
еңүлкенміндеті.
Шүкір–жақсылықиесінежақсылығы
үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп,
алғыс-рақметіңді білдіру
.
Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды
бола тұра, өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен