Previous Page  116 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 116 / 520 Next Page
Page Background

116

Ислам ғылымхалы

– діннің тірегі

122

. Дін кемесін намаз жүргізеді. Онсыз

мүмкін емес. Намаз өзі жекелей ескертуші болуымен

қатар, оның орындалуы да дәл солай ескертуші ретінде

іске асуы керек. Адам намазын жүрегі мен сезімдерін

барлық нәрселерден аулақ ұстап, оқуы қажет. Сол

үшін адамның дәрет қысқан сәтте намаз оқуы жақсы

саналмаған

123

. Иә, адам ойын осындай нәрсе мазалаған

шақта намазға тұрмағаны жөн. Сол сәтте адамның ойы

екі нәрсені ойлайды. Ал мұндай жағдайда адам көбінесе

маңызды нәрселерден айрылып қалады. Сонымен

қатар, мұндай бір жағдайда намаз оқу – намазды төмен

санау. Өйткені ол дереу өткізіп жіберетіндей жеңіл іс

емес. Жеңіл-желпі оқи салатын жағдай емес, керісінше

өмірімізді нұрландырып, рақатқа бөлейтін екі дүние

игілігі.

Жүрекпен, ыстық ықыласпен намаз оқу үшін жасала-

тын барлық дайындықтар да дәл намаз оқу секілді сауап

әкеледі. Сол үшін адам әуелі артық нәрселерді тастап,

намазда өзін алаңдататын барлық нәрселерден бойын

аулақ ұстап, намазға ықыласпен тұруы тиіс. Намазға

тұру сәтіне дейін болған барлық сатылар сол адамға

сауап ретінде жазылады. Оның ниеті – алаңсыз беріліп

намаз оқу. Ал мұсылманның ниеті – жасаған ісінен

жақсы

124

. Көз салайық. Басқа жандар осы қажеттіліктерін

жасағанда тек қажеттілігін іске асырумен ғана шектеледі,

ал мұсылманның әжетханаға баруы да сауап әкеледі.

Дәрет алудан бұрын бірнеше қадам жүруі де, дәрет алу

үшін аздап кідіруі де оған сауап.

122

Кәнзул-Уммал, 7/284.

123

Ибн Маже, Таһарат, 114; Муснәд, 5/250.

124

Мәжма’уз-Зәуәйд, 1/61, 109.