119
Намаз
2) Уәжіп
3) Нәпіл
Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтар «уәжіп үкімі»
дегенді қабыл етпейді. Олар парыз және нәпіл деп на-
мазды екіге бөледі:
Парыз намаздар
Парыз намаздар
– «айн парыз» (жалқы парыз),
«кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Айн
парыз намаз – балиғатқа толған барлық мұсылмандарға
парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға
міндетті. Айн парызға бес уақыт намаз бен жұма намазы
жатады.
Жұма намазы – сол күнгі бесін намаздың орнына
жамағатпен оқылатын екі рәкат намаз. Жұмадан кешіккен
сол күннің бесін намазын оқиды.
Кифая намазы
– бір мұсылман ғұмырдан өткенде
әуеліжақындарыментаныстары, жалпымұсылмандардың
оқитын жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман
оқыса жетіп жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін
жауапты болмайды. Намаздың сауабын оқыған ғана
алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі күнәһар болады.
Уәжіп намаздар
Уәжіп намаздар – мұсылманның іс-әрекетіне байла-
нысы жоқ және тікелей байланысы бар уәжіп деп екіге
бөлінеді. Бірінші топтағы уәжіп намаздарына – құптан
намазынан кейін оқылатын үш рәкат үтір намазы мен
Рамазан және Құрбан айтта оқылатын айт намазда-
ры жатады. Екінші топқа нәзір (атау) намазы, қателік