118
Ислам ғылымхалы
Сені естиін. Әрқашан жатсам да, отырсам да, тұрсам
да есімнен кетпей Сені ойлайын, Сені зікір етейін.
Өйткені Сенен өзгеге бет бұру, басқаларды көру, басқа
нәрселермен айналысудың бәрі де түгел бос әурешілік.
Мен бос нәрселерден қашып, өте маңызды бір нәрсеге
жүзімді бұрамын». Нәпілде мұншама тырысып, Хақтың
есігін қағып, парызға түгелдей саналы түрде бас қоюға
тырысу – парызға терең көңіл қою үшін өте маңызды.
Дәрет әсер еткен еді. Азан да әсер етті. Нәпілмен үшінші
қадамды аттадық. Міне, дәл осы кезде азаншы қоңыр да-
усымен, ыстық ықыласымен Аллаһқа бет бұрып, тәкбір
айтады. Бұл бізді қатты толқытуға себепкер ең соңғы
әсерлі де нұрлы сөздер еді. Дәл осы сәтте адамның жан
дүниесі толқып, Аллаһ Тағалаға түгел беріліп, жүзін
бұрып,
«Михрабым қайдасың»
деп іштей терең жылай
алмаса, ол адамда нұқсандық бар. Азаншы тәкбір айтып,
Аллаһтан басқа адамды мазалайтын барлық нәрсеге
соңғы рет соққы беріп, құл «Аллаһу әкбар» деп намазға
оймен кіріп, рүкуғке, сәждеге барған кезде де осы сөзді
қайталап айтады. Осылайша намаздың әрбір басында
Раббтың ұлылығын, өзінің кішілігін паш етіп:
«Раббым,
Сен ұлысың, мен болсам кішімін»
, – деп Оның алдын-
да толық құлшылық санасымен бас иіп, терең ойға
батады»
125
.
Намаз түрлері
Намаз үшке бөленеді:
1) Парыз
125
М. Фатхуллаһ, Мұхаммед пайғамбар − ғаламның рақым нұры.
Дәуір баспасы, Алматы, 2004 ж. (ауд: Ахмет Әшен)