117
Намаз
Қажеттіліктің өтелуі мен дәреттің алынуы адамды
рух жағынан намазға дайындауы тұрғысынан өте
маңызды. Мейлі, бұл дәрет мүшелерінің жуылуы кезінде
денедегі қозғалыстың бағыт ауыстыруы, мейлі басқа да
айтып түсіндірген себептер болсын, нәтиже өзгермейді.
Мұсылман дәрет алған кезде, бұл секілді пайдаларды
ескеріп, ойлап та жатпайды. Ол дәретті не үшін алса,
тек қана соны ойлайды. Ойлаған нәрселердің арасында
ең бірінші кезекке намазды қояды.
Дәрет үшін дайындық – ескертудің біріншісі, дәрет
– екіншісі. Содан кейін азан айтылып, үшінші рет намаз
оқуды ескертеді. Негізінде дәрет алып жатқан кезде һәм
дәреттен кейін сүннет ретінде қалған суды ішу, дұға
оқу секілді сүннеттерді орындаған кезде адамның жан-
дүниесі мен рухы әрқашан ақырет әлеміне кіреді. Артын-
ша бұған сүннет намазы қосылған кезде, адам парызды
оқуға толық дайын тұрады.
Иә, парыз намазға жасалған дайындығымыздың
барлығы бізді жан дүниемізбен шынайы беріліп, бейне
бір Аллаһты көріп тұрғандай намаз оқуға шақырады.
Алдымен мұнаралардан жаңғырып, Аллаһтың ұлылығын
әлемге паш еткен сол бір дауыс көңіл-күйімізді толқытып
әкетіп, біз Аллаһтың ұлылығын жүрегімізбен сеземіз.
Баратын мешітке жетуге асығып, қадамдарымызды
мығымдай бастаймыз. Осылайша азанмен, жырақтан
келген шақыруға жауап бергендей қозғалысымызды арт-
тыра түсеміз. Азан бітуге таянған сәтте біз де еріп кете
барамыз. Мешітке барып нәпіл намазға тұрамыз. Біз
бейне бір нәпіл намазымызбен бет бұрып, Раббымызға
былай деуді қалағандаймыз: «Аллаһым, арқашан жүзімді
саған бұрайын. Іздегенімді сенен табайын…Сені көріп,