114
Ислам ғылымхалы
Намаз оқымаған жанның үкімі қандай
болмақ?
Намаздың ақылды, балиғат жасына жеткен, хайыз
бен нифастан тазаланған мұсылмандарға парыз екені
жайлы ауызбірлік бар. Намаз бен ораза секілді тәндік
ғибадаттарда өкілдік іске аспайды. Намаздың парыздығын
теріске шығарған діннен шығады. Өйткені, намаз айқын
аят, хадис және ижмағ дәлелдерімен анықталған.
Жалқаулық, немқұрайлылық себебімен намазды тастаған
күнәкар және пасық болады.
Намаз оқымау – дүние мен ақырет азабына себеп.
Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады:
«Олар
жәннатта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамға
түсулеріңе нендей себеп болды?», – деп сұрайды.
Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», – деп жауап
қатады»
113
.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Әдейі
намазды тастаған адамға Аллаһ пен Пайғамбардың
көмегі болмайды»,
114
– дейді. «Кімде-кімжұма намазына
немқұрайлылықпен қарап, оны үш рет тәрк етсе, Аллаһ
Тағала оның жүрегіне мөр басады»
115
.
Имам Ағзам мәзһабы бойынша, жалқаулық жасап,
намазды тастаған адам, намаздың парыздығын теріске
шығармайынша, діннен шықпайды. Бірақ күнәһар, пасық
болады. Оған намаз жайлы ескертіліп, насихат етіледі
немесе тәрбие үшін жаза беріледі
116
.
Кімде-кім намазын ұмытып немесе ұйықтап қалса
яки жалқаулықпен оқымаса, сол оқымаған намаздарының
113
Мүддәссир, 74/40-43.
114
Бухари, Мауақит, 15, 34; Насаи, Салат, 15.
115
Насаи, Жума, 2; Тирмизи, Жума, 7; Ибн Мажа, Иқама, 93.
116
Ибн Абидин, I. 32.