Previous Page  121 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 520 Next Page
Page Background

121

Намаз

жақындау үшін оқыған намаздар жатады. Бұларға

тәһажжүд намазы, сәске намазы, истихара намазы,

жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиятул-

мәсжид, тәубе намазы, әууабин намазы, тәсбих намазы,

ихрамға кіру намазы, жолға шығу, жолдан оралу намазы,

қажеттілік намазы, дәрет пен ғұсылдан кейін оқылатын

нәпіл намаздар жатады

126

.

Исламда сүннет намаздар, әсіресе, бес уақыт

намаздардың сүннеттері – парыз намаздарға дайындық

әрі оларға қорған намаз ретінде бағаланған. Әрі бұл

сүннеттер – Хазіреті Пайғамбарға шынайылықты

білдіретін намаздар. Сол себепті, бұл намаздардың

оқылуы қатты насихат етіліп, тәрк етілуі жаман әрекет

саналған. Бірақ бұл сүннет намаздардың – кейбір се-

бептерге байланысты оқылмауына рұқсат беріліп,

кеңшілікпен қаралған

127

.

Намаз уақыты

Парыз намаздармен бірге қоса оқылатын сүннеттер,

үтір, тарауих және айт намаздары үшін уақыт шарт.

Парыз намаздар: бамдат (таң), бесін, намаздыгер (асыр),

ақшам (намазшам) және құптан намаздарынан тұрады.

Жұма намазы бесін намазының орнына өтеді. Уақыты

кірмей ешқандай намаз оқылмайды.

Уақытынан кейін оқылған намаз – намаздың қазасы.

Намаз парыз адамға намаздың уақыттарын білу аса

қажет. Оның уақыттары Кітап пен сүннетте берілген.

Олар мыналар:

126

Негізінде жалпы халықта жүйелі сүннет – «сүннет намаз»,

ерікті сүннет – «нәпіл намаз» деп айтылады.

127

ДИА. Ілімһал. т. 224-225-беттер.