127
Намаз
Мұстахап уақыттар
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе
абзал екені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тікелей іс жүзінде
орындауы мен хадистерінде белгіленген.
Олар:
Таң (бамдат) намазын төңірекке жарық түсіп, айнала
көрінген уақытта оқу жөнінде Хазіреті Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді:
«Таң намазын жарықта оқыңдар.
Өйткені, мұның сауабы өте үлкен»
137
.
Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта
оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазды уақыты кіре
оқу – мұстахап. Әнас (р.а.) былай дейді:
«Аллаһ Елшісі
қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда
салқын түскенге дейін кешіктіретін»
138
.
Намаздыгер намазының парызын төрт мезгілде
де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін
кешіктіру – мұстахап.
Ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен
қамат арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт
бөлінеді. Өйткені, ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді
«Ақшам намазын
жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім
берекетте»
139
.
Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін
кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай
дейді:
«Үмбетіме қиын болмағанда, құптан нама-
137
Тирмизи, Салат, 3; Дарими, Салат, 21.
138
Бухари, Жум’а 17.
139
Әбу Дәәуд, Салат, 6; Ибн Мажә; Салат; 7.