130
Ислам ғылымхалы
Арафат пенМуздәлифәда қосып оқыған екі намаздың
арасында;
Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;
Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда
оқуға болмайды. Ал таң намазының сүннеті бұлардан
тыс. Яғни, басқа сүннеттерден қарағанда бұл сүннет
әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуға тиіс. Аллаһ
Елшісі былай дейді:
«Бамдат (таң) намазының екі
рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен
артық»
143
– делінген.
Жұма күні имам мінберге шығып хұтба оқып, жұма
намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды.
Хадисте:
«Жұма күні имам хұтба оқып жатқанда,
мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш»
дегенінің өзі қателік»
144
– делінген.
Намаздың бес уақыт болуының хикметтері
Намаздың бес уақыт болуында терең хикметтер бар.
Мысалы, Бамдат намазы адамның өмірге жаңа туған сәби
кезін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне,
жаңа оянып сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем
тыныштық бейбіт өмірге ишарат етеді. Сондай-ақ,
бесін намазы адамның қырықтан асып, қынабынан
шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шағына ұқсаса,
намаздыгер уақытында Күннің батысқа бет алуы адам
ғұмырының сексенге келіп, селкілдеп таяқ ұстап, қабір
атты төртінші әлемге бет алып, өмір кітабының ақырғы
тарауын тауысуға айналып бара жатқан кезеңін еске
түсіріп, адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам
143
Муслим, Мусафирин, 96-97.
144
Бухари, Жум, а, 36; Муслим, Жум, а, 12.