Previous Page  134 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 520 Next Page
Page Background

134

Ислам ғылымхалы

Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс

жерлерде жабылуы – парыз. Ерлердің әурет жерлері:

кіндігінен тізелерінің астына дейінгі жерлері. Бұған

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисі дәлел:

«Еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің арасы»,

«Кіндіктің асты – тізеден түскенге дейінгі жерлер»

150

.

Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене.

Хазіреті Пайғамбар былай дейді:

«Әсма! Әйел балиғат

жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа

жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ Елшісі осы

сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат

еткен еді»

151

. Хазіреті Айшадан бізге жеткен бір хади-

сте:

«Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының

намазын орамалсыз қабыл етпейді»

152

– деп айтылып,

шашты жабу керектігіне меңзейді.

Намазда бір мүшенің төртен бірі еріксіз ашылып,

«субханАллаһил-а'зим»

дейтіндей уақыт тұрса,

намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте

бұзылады.

4. Құбылаға бет бұру

Намаздықұбылаға қарап оқушарт.Мұсылмандардың

құбыласы – Меккедегі Қағба. Тек қана салынған ғимарат

емес, сонымен қатар, сол ғимараттың орналасқан жері де

Қағба саналады. Мәдинаға көшпес бұрын мұсылмандар

құбыласы Қудустағы Ақса Мешіті еді. Мәдинаға көшкен

соң:

«Жүзіңді ХарамМешіті жаққа бұр»

153

аяты арқылы

құбыла Меккедегі Қағбаға бұрылды.

150

А.б.Ханбәл,II, 187.

151

Әбу Дәәуд, Либас, 31.

152

Ибн Мажә, Таһарат, 132.

153

Бақара, 2/144.