137
Намаз
бептерге байланысты қосып оқи алмайды. Бірақ басқа
мәзһабтарда жолаушылықта екі намазды қосып оқу
бар. Сол себепті, жолаушылықта ханафи адам шафиғи
мәзһабы бойынша, ниет етіп, зәру жағдайларда, екі на-
мазды қосып оқуына болады.
Құбыла жақтан 45 шамадан (градус) артық оңға
немесе солға бұрылу – құбыланың шартын бұзады.
Намазда себепсіз көкірегін құбыладан бұру намазды
бұзады. Егер тек жүзін бұрса, дереу құбылаға бұру керек.
Мұндай жағдайда, намазы бұзылмайды. Бірақ харамға
жақын мәкрүһ болады
157
.
5. Уақыт
Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске
асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт шарт. Парыз
сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт
шарт. Уақыты кірмейінше, парыз намазын оқу іске аспай-
тыны сияқты, уақыты шыққан соң оқылған намаз да қаза
деп есептеледі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:
«Намаз
мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда
парыз етілді»
158
, – дейді.
Бір намаздың ешқандай себепсіз белгіленген
уақытынан кейін қаза етіп оқылуы – дұрыс емес және
өте үлкен күнә. Бірақ бір адам ұмыту немесе ұйықтап
қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі
қажет. Кейбір ғалымдар себепсіз намазын қаза еткендер
кейіннен қазасын өтерде алдымен тәубе ету керектігін
айтады. Қаза намазға бес уақыт парыз намаз бен үтір
намазы кіреді. Жұма мен айт, сүннет намаздары үшін
157
Білмен, 110.
158
Ниса, 4/103.