Previous Page  136 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 520 Next Page
Page Background

136

Ислам ғылымхалы

Құбыла жайлы әр түрлі пікірдегі адамдар әрқайсысы

білетін жағына қарай оқиды. Олар бір-біріне имам бола

алмайды. Жабир ибн Абдуллаһ айтады: Бірде Аллаһ

Елшісі бір топ адамды бір жаққа жіберді. Түнде аспан

бұлт болған соң ешкім құбыланы біле алмады. Осыдан

барып әркім өз білген жағына қарай намаз оқыды.

Біз мұны Аллаһ Елшісіне жеткіздік. Ләм-мим демеді.

Бірақ көп өтпей-ақ мына аят түсті:

«Шығыс та, батыс

та Аллаһтікі. Сондықтан жүздеріңді қай жаққа

қаратсаңдар, Аллаһтың жүзі сол жақта»

156

.

Кеме немесе пойыз, ұшақтағы адам шамасы келіп,

мүмкіндігі болып тұрса, құбылаға қарап оқиды. Егер

кеме бұрылса, ол да құбыла жаққа қарай бұрылуы қажет.

Бұрылу мүмкіндігі болмаса, алғаш тұрған жағына қарай

оқиды. Егер тікелей құбылаға қарай оқитын мүмкіндік

тумаса, құбылаға ең жақын бағытқа қарай оқиды.

Құбылаға бұрыла алмаған науқас адамның да жағдайы

осындай. Өйткені, міндеттің орындалуы атқарушының

мүмкіндігіне қарай шектеледі.

Мініс атта, автомобиль мен автобуста нәпіл намазы

оқылғанымен, парыз намаздарын уақыттары өтпей басқа

жерде оқуға мүмкіндік бар жағдайда, аталмыш жерлер-

де оқуға болмайды. Өйткені, намаздың парыздарынан

болған қиям мен құбыла орындалмайды. Бірақ жері

лайсаң намаз оқуға лайықсыз жерлерде ат, көліктерін

тоқтатып, соның үстінде құбылаға бет бұрып, оқи

алады.

Ханафи мәзһабында, екі намазды біріктіріп қосып

оқу, тек қажылық мезгілінде Арафат пен Муздәлифәда

ғана рұқсат етілген. Бұдан тыс жолаушылық секілді се-

156

Бақара, 2/115.