Previous Page  140 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 140 / 520 Next Page
Page Background

140

Ислам ғылымхалы

құбылаға қарап, «Аллаһу әкбар» демейінше, Аллаһ ол

пенденің намазын қабыл етпейді»

164

– делінген.

Тәкбір ниеттен кейін алынып, имамның тәкбірінен

кейін алынуы қажет-дүр.

2. Қиям (түрегеп тұру)

Қиям –тіп-тік түрегеп тұру деген мағынаға келеді.

Намазда негізгі парыздардың бірі саналып, әр рәкатта

Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұру. Құранда

Аллаһ:

«Аллаһқа бағынып, түрегеп тік тұрыңдар»

,

– дейді

165

. Бірақ аяқта тұрып намаз оқи алмаса, отырып

оқуына болады. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай

дейді:

«(Намазды) түрегеп тік тұрып оқы. Егер оған

күшің жетпесе, отырып оқы. Оған да күшің жетпесе,

сүйеніп оқы»

166

.

Ифтитах тәкбірін алатындай күші жеткен адам тік

тұрып, тәкбір алып, одан әрі отырып оқуына болады.

Қысқасы, науқас адам түрегеп тұруға күші жетпесе

отырып, отыра алмаса сүйеніп, болмаса жатып ишарат-

пен намаз оқи алады.

Нәпіл намаздарды тұрып оқуға күші жете тұра

отырып оқуға болады. Бірақ, тұрып оқуға күші жетіп

жатса, әрине тұрып оқығаны абзал.

Бұл жерде Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.)

отырып намаз оқуынан мысал бере кетейік: Әбу Һурайра

(р.а.) айтады:

«Бір күні Аллаһ Елшісінің жанына бардым.

Барсам, намазын отырып оқып жатыр екен. Намазды

бітірген соң:

164

Әбу Дәәуд, Салат, 144.

165

Бақара, 2/138.

166

Бухари, Таксир, 19.