Previous Page  145 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 520 Next Page
Page Background

145

Намаз

Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір

әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистер-

де білдірілген. Ал кез-келген аударма Құранның дәл

өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу

ерекшелігі де жоғалады.

Тағы бір баса айта кететін жайт, ол – намазда

қолданылатын сөздердің көп емес, аз екендігі. Алды-

мен азан мен қамат, артынша «Аллаһу әкбар», «Суб-

хана раббиял-’азим», «Субхана раббиял-а’ләә» секілді

қысқа қайырымдармен қоса «Фатиха» сүресі мен бір-екі

қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен де

аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағыналары оңай жат-

талатын, мұсылмандардың көбіне ортақ қолданылатын

сөздер. Намазға жаңа жығылған жас бала да бұлардың

мағыналарын бір үйреніп алса өмірі ұмытпасы анық.

Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен

сөздіктер жаттап, шет тілін үйренетіндер мәңгілік

үшін Аллаһ Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттауда:

«Ғибадат-құлшылықтарымызға Аллаһ Тағала емес,

керісінше біз зәруміз»

– деген шүбәсіз шындықты есте

ұстаған абзал

174

.

* * *

4. Рүкүғ

Рүкүғ – иілу деген сөз. Намаздың негізгі тіректерінен

болған рүкүғ қолдарды тізеге қойып, төмен қарай иілу.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жасаған ең жақсы рүкүғ – арқа

мен бастың түп-түзу иілуі. Бұл – нағыз рүкүғ. Егер рүкүғ

қиямға жақын шықса, дұрыс емес. Рүкүғтің парыз болуы:

174

М.Хамидуллаһ. Құран Кәрім тарихы.