151
Намаз
толық жасамау мен рүкүғ пен сәжделерде белін
жақсылап тураламау арқылы»,
186
– деді.
Намаз уәжіптері
Намазға бастағанда –
«Аллаһ»
есімінің жанына
ұлылық мағынасын білдіретін бір сөздің қосылуы –
уәжіп. Мысалы, Аллаһу әкбар, Аллаһу а’зам, т.б.
Намазда «Фатиха» сүресін оқу – уәжіп. Ал
Шафиғиларда – парыз. Дәлелдері Пайғамбарымыздың
мына хадисі:
«Фатиханы оқымаған адамның намазы
жоқ»
187
. Ханафилар бұл хадисті
«Намазы толық болмай-
ды»
, – деп түсінгендіктен, намазда «Фатиханы» оқуды
уәжіп деп қабылдаған.
Намаздың алғашқы екі рәкатында «Фатиханы» бір
рет оқу және оны қайталамау уәжіп.
Парыз намаздардың алғаш екі рәкатында «Фати-
хадан» кейін басқа бір сүре немесе бір сүре көлеміндей
аят қосып оқу – уәжіп. Бір хадисте: «Біз намазда Фати-
хамен бірге жеңіл келген аяттарды оқуға әмір етілдік»
188
– делінеді. Бірақ үтір мен нәпіл намаздардың барлық
рәкаттарында «Фатиха» мен кез-келген бір сүрені немесе
бір сүре көлеміндей аят оқу – уәжіп. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді:
«Фатихасыз және қосымша сүресіз
оқылатын ешқандай парыз немесе нәпіл намаз толық
емес»
189
.
Қырағаттың намаздың алғашқы екі рәкатында
оқылуы – уәжіп.
186
Ханбәл.
187
Тирмизи, Мәуақит, 69.
188
Ханбәл, III.2.
189
Тирмизи, Мәуақит, 69.