156
Ислам ғылымхалы
тұсына дейін көтеретін»
194
. Дәрәқутни бұл хадисті
сахих деген.
ِعَنْ مَالِكِ بْنِ الْحُوَيْرِثِ أَنّ رَسُولَ اهِّ صَلّى اهُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ كَانَ إِذَا
كَبّرَ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتّى يُحَاذِيَ بِهِمَا أُذُنَيْه
Мәлик ибн әл-Хуайристен риуаят етілген басқа бір
хадисте:
«Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқан кезде
қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін...»
195
Шафиғи мен Маликилер ибн Омардың:
«Аллаһ
Елшісі (с.а.у.) намазға бастаған кезде екі қолын иығының
деңгейіне жететіндей көтерді»
– деген хадисі бойынша
амал етеді.
Ханафи мәзһабында намазда бір-ақ жерде қол
көтеріледі. Намазға бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке
барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен қолдар
көтерілмейді. Бұған байланысты көптеген сахих хади-
стер бар. Мысалы:
ًعَنْ عَلْقَمَةَ عَنْ عَبْدِ اهِّ أَنّهُ قَالَ أَالَ أُصَلِّي بِكُمْ صَالَةَ رَسُولِ اهِّ
صَلّى اهُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ فَصَلّى فَلَمْ يَرْفَعْ يَدَيْهِ إِالّ مَرّةً وَاحِدَة
Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ
ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Аллаһ Елшісінің нама-
зын оқып көрсетейін бе? -деп намаз оқыды. Намаз-
да екі қолын бір-ақ рет көтерді»
. Бұл хадис Насайи-
де келтірілген. Дәрежесі сахих. Сондай-ақ, бұл хадис
Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы
жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің
шартына сай. Тек Асым ғана Бухаридің шартына сай
194
әд-Дарәқутни.
195
Муслим, әс-Салат.