152
Ислам ғылымхалы
«Фатиханы» басқа қосымша сүре немесе аяттардан
бұрын оқу – уәжіп. Бір адам қателесіп, «Фатихадан»
бұрын бір сүре оқыса, бірақ артынша есіне түсірсе, дереу
оқып жатқан сүресін немесе аяттарын тоқтатып, «Фа-
тиханы» оқып, соңынан сүре немесе аяттар оқуы тиіс.
Намаз ақырында қателік (сәһу) сәждесін жасайды.
Жеке намаз оқыған адам бамдат (таң), ақшам және
құптан намаздарын жария немесе құпия оқуға еркі бар.
Бірақ бесін, намаздыгер және күндіз оқылатын нәпіл
намаздарды құпия оқу – уәжіп. Түнде оқылатын нәпіл
намаздарды адам қалай оқыса да ерікті. Хазіреті Айша-
дан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) түнгі намаздарын қалай
оқитындығын сұрағанда: «Кейде құпия, кейде жария етіп
те оқитын», – деп жауап берді»
190
.
Жамағатпен оқылатын намаздардан бамдат,
жұма, айт, тарауих және үтір намаздарының әрбір
рәкатында және ақшам мен құптан намаздарының
алғашқы екі рәкатында жария оқу, бесін мен намазды-
гер намаздарының барлық рәкаттарында және ақшам
намаздарының үшінші және құптан намазының соңғы
екі рәкатында құпия түрде қырағат оқу – уәжіп.
Үтір намазында «құныт» дұғасын оқу мен құныт
тәкбірін алу Имам Ағзам бойынша – уәжіп. Бірақ Әбу
Юсуп және Имам Мұхаммедтің көзқарасына қарай–
сүннет.
Сәждеде маңдаймен бірге мұрынды да жерге қою
– уәжіп. (Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойын-
ша)
Намаздардың әрбір отырысында «әт-тахият»
дұғасын оқу – уәжіп.
190
Нәсаи, Қиямул-Ләйл/23.