Previous Page  154 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 520 Next Page
Page Background

154

Ислам ғылымхалы

Намазда жаңылысып яки ұмытып қалып қойған

уәжіптер үшін сәһу сәждесін жасау – уәжіп.

Уәжіптердің әрқайсысын өз орнымен жасап,

кешіктірмеу – уәжіп. Мысалы, қырағаттан кейін аз уақыт

ойға шомып, одан кейін рукуғке бару секілді.

Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің көзқарасына

қарай, намаздың рүкүндерде яғни ішкі парыздарында

көңіл толарлықтай уақыт кідіру – уәжіп.

Намаздардан кейін сәлем беру – уәжіп. Яғни, оң

мен сол жағына жүзін бұрып, «әс-Сәлам» (сіздерге

сәлем) деу – уәжіп. «Алайкум уә рахматуллаһ (Аллаһтың

рақымы сіздерге болсын) сөзі – сүннет. Ханафи мәзһабы

фақиқтарының басым көпшілігінің көзқарасына қарай, оң

жаққа «әс-Сәлам» деу арқылы намаз аяқталады. Кейбір

көзқарас бойынша, сол жаққа сәлем беру – сүннет. Сол

себепті алғаш сәлемін берген имамға кешіккен адамның

ұюы дұрыс емес

192

.

Намаз сүннеттері

Сүннет – Аллаһ Елшісінің үнемі жасаған және

ешқандай себепсіз тастамаған немесе кейде себепсіз

жасамаған сөз бен іс-әрекеттері. Намазда «субханака»

дұғасын оқу, т.б. іс-әрекеттер – сүннет. Сүннеттің орын-

далуында сауап бар. Жасалмаса жаза жоқ. Тек қана ай-

ыпталады.

Намаздың сүннеттері намаздың уәжіптерін

толықтырып, адамды артық сауапқа кенелтеді.

Сүннеттерді орындау, оны әрдайым жасап отыру –

Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген шынайы махаббат.

192

Білмен, 128.