159
Намаз
тиханы» оқымайтындықтан, «Ә’узу» мен «Бисмиллаһты»
да оқымайды.
6. «Фатиха» біткенде іштей «әмин» (дұғаларымызды
қабыл ет) деу – сүннет. Хазіреті Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Имам «уәладдаллин» деген уақытта сендер
де «әмин» деңдер, кім де кімнің «әмин» деуі
періштелердің «әмин» деуіне дәл келсе, жасаған
күнәлары кешіріледі»
, – деген.
202
7. Имамның айтатын тәкбірлері мен рүкүғтен тұрған
кезінде:
{سَمِعَ الُ لِمَنْ حَمِدَهُ }
«Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ»
(Аллаһ өзін мадақтаған жанның мадағын естиді) сөзі
мен намаздың соңында екі жаққа жария түрде сәлем
беруі – сүннет. Сонымен қатар имамға ұйығандардың
рүкүғтен тұрған кезінде құпия түрде:
{ألّلهُمّ رَبّنَا وَ لَكَ الْحَمْدُ}
«Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд»
(Ей, Раббымыз
Аллаһ! Хамд пен мадақ саған ғана лайық) деуі мен тәкбір
мен сәлемді құпиялап айтуы – сүннет. Жария оқудың
ең төмені – алғаш саптағы адамдар еститіндей болуы
керек. Құпия оқудың ең төмені – өзіне ең жақын адамның
естуі.
8. Рүкүғ пен сәждеге барарда және тұрғанда алы-
натын тәкбір – сүннет, Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.)
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) осылай тәкбір алғанын
көргенін айтады
203
. Бірақ рүкүғтен тұрған кезде,
«Сәми’
Аллаһу лимән хамидаһ»
деп айтылады. Рүкүғқа ба-
рарда және қайтарда тәкбір айтылғанмен қолдар
көтерілмейді.
202
Бұхари/1-108.Хадисті Әбу Һурайра риуаят етеді..
203
Бухари, Азан, 116