Previous Page  165 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 520 Next Page
Page Background

165

Намаз

ханака», «әт-тәхият» секілді басқа барлық дұғалардың

іштей айтылатындығы «әминнің» құпия айтылуына тағы

бір дәлел.

• Әмин дұғасы «әғузу билләһи» дұғасынан

артық емес. Өйткені, «Нахл» сүресінде Құран оқыған

кезде міндетті түрде «әғузуді» айту керектігі:

«Құран

оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын»

– деп бұйырылған. «Әғузу» дұғасы осы ерекшелігіне

қарамастан намазда құпия айтылады. Сондықтан әминнің

де құпия айтылуы абзал. Себебі, «әмин» Құранның сөзі

емес.

• Бұған қоса, бізге жеткен ешбір хадисте

пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әминді» дауыстап айтыңдар»

деп кесіп айтқан бұйрығы жоқ. Керісінше, «имам

уәләддаллин деген кезде «әмин» деп айтыңдар делінген.

Ал Бухари және Муслимдегі

«имам әмин деген кезде

сендер де әмин деңдер»

деген хадисіне келер болсақ, бұл

хадис те «әминнің жария айтылуына нақты дәлел емес.

Себебі, бұл хадистегі

«имам әмин деген кезде»

тіркесін

Ханафи және Малики ғұламалары және басқа да Хафиз

ИбнХажар секілді хадис ғұламалары:

«Имамәминдейтін

жерге келген кезде яки әмин дейін деген кезде»

– деп

түсінген. «Әмин» сөзін имам мен жамағаттың бір сәтте

айтуы үшін осылай түсінілуі қажет. Бұлай болмағанда,

имам «әмин» деп қойғаннан кейін ғана жамағат «әмин»

дей алады. Оған дәлел басқа бір хадисте «имам тәкбір

алғанда, сендер де тәкбір алыңдар» делінгендіктен,

имам тәкбір алғаннан кейін барып жамағат тәкбір алады.

Имамның тәкбірінен жамағаттың тәкбірі сәл кеш айты-

латыны мәлім. Жоғарыда келтірген

«Имам уәләддаллин

деген кезде, әмин деңдер»

– деген хадис пен

«Имам