166
Ислам ғылымхалы
әмин деген кезде, әмин деңдер»
– деген осы екі хадистің
мағыналарындағы қарама-қайшылықты болдырмау үшін
Ибн Хажар әл-Асқалани осылай жорамалдау керек деген.
(Мухаддис Зафар Ахмад, Илаус-сунан, 2-том, 231-бет).
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Имам әмин деген кезде»
деген тіркесін «әмин дейін деген кезде» деп түсінуіміздің
тағы мынандай негізі бар. Барлық ғұламалар Құрандағы:
«Намазға тұрған кезде жүздеріңді және қолдарыңды
шынтақтарыңа дейін жуыңдар. Әрі бастарыңа мәсіх
тартып, аяқтарыңды жуыңдар»
– деген аятындағы
«намазға тұрған кезде»
делінген тіркесті
«намазға
тұрарда»
– деп бірауыздан түсінген. Себебі, намазға
тұрып қойғаннан кейін дәреттің алынбайтындығы айт-
паса да түсінікті.
• Насруддин Әлбани өзінің «Тәмәмул-минна фит-
та
’
лиқ ала фиқһус-сунна» атты кітабында былай дейді:
«Жамағаттың да имаммен бірге «әминді» дауыстап
айтуы керек дейтіндердің:
«Зубайржәне артындағылар
әминді айтқанда мешіт жаңғырып кетті»
делінген
дәлелдерінен басқа дәйектері жоқ. Бірақ мұның өзі
«әминді»жамағаттың да дауыстап айтуына дәлел емес.
Себебі, бұл Пайғамбарымызға (с.а.у.) жетпей қалған
(марфуғ болмаған) сөз. Пайғамбарымыздың дауыстап
айтқанына байланысты бірқатар хадистер бар. Бірақ
ешбірінде Аллаһ Елшісінің артындағы сахабалардың
да қосылып әминді жария айтқандығы айтылмаған.
Әминнің дұға екені белгілі. Негізінде, дұға іштей айты-
лады. Өйткені Аллаһ Тағала
«Раббыларыңа жалбары-
нып, іштей (құпия) тілеңдер!»
деген. Ал бұдан айну
үшін оған сахих дәйек керек». (Мухаммад Насруддин
Әлбани, Тәмәмул-минна фит-та'лиқ ала фиқһус-сунна,