Previous Page  171 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 520 Next Page
Page Background

171

Намаз

ұстанғандықтан халық арасындағы ауызбіршілікті

сақтап, бүлікке жол бермеу әрі енді-енді намаздарын

оқып үйреніп жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу

мақсатында өзге көзқарастағылардың да әминді іштей

айтуы абзал.

«Әминнің» «Фатихадан» кейін айтылуы – сүннет.

Ал оның іштей немесе жария айтылуы сол сүннетті

түсінудегі көзқарас, түсінік қана жатады. Ал, Ислам

үмбеті арасындағы ауызбіршілік пен сүттей ұйыған

ынтымақ – парыздардың парызы. Ендеше, бір көзқарас,

түсінік үшін ақырғы пайғамбар үмбетінің арасында

бірлік пен ынтымаққа сызат түсіруге болмайтындығы

айтпаса да түсінікті.

Сүннет әдебі

Әдеп – Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кейде

істеп, кейде істемеген нәрселері. Ханафилар бұны

«мәндүп» немесе «мұстахап» деп атайды. Тәрк етуші

айыпталмайды. Жасаса, абзал.

Намаздың әдебі:

1. Намаз кезінде сыртқы және ішкі көңіл жайланып,

кішіпейілділікпен тұру.

2. Киіміне мән беру. Мысалы, түймелері ағытылмай

қатардағы сарбаздай сәнді тұру.

3. Қаматта «Хаййа алал-фәлах» деген сәтте имам

мен жамағаттың намаз үшін тұрулары.

4. «Қад қаматис-салаһ» (намаз басталды) деген

кезде имамның намазға бастауы. Қамат айтылып жатқан

кезде мешітке кірген адам дереу отырып, жамағатпен

бірге тұрады.