174
Ислам ғылымхалы
11. Ерлердің сәжде еткен кезде білектерін түгелдей
жерге тигізуі – мәкрүһ.
12. Намазда керілу немесе есінеу – мәкрүһ.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Есінеу – шайтаннан. Кімде-кім
есінегісі келсе, шамасы келгенше жеңуге тырыссын»
212
деген.
13. Намазда себепсіз өз қалауымен түшкіру –
мәкрүһ.
14. Жеті жерде намаз оқу – мәкрүһ. Бұларды Аллаһ
Елшісі:
«Күл-қоқыста, мал сойылған жерлерде, ма-
заратта, жол шетінде, моншада, түйе қорада және
Қағбаның үстінде»
213
– деп, саралап атап айтқан.
15. Намазда тістерінің арасындағы ноқаттан кішкене
бір нәрсені жұту – мәкрүһ. Одан үлкен болса, намаз
бұзылады.
16. Дастарқан жайылып, тамақ әзір тұрғанда намазға
тұру – мәкрүһ. Бірақ намаз уақытыныңшығуыжақындаса,
ол бөлек.
17. Намазда көздерін жұму немесе көздерін көкке
тігу, жан-жағына қарау немесе басын бұрып қарау –
мәкрүһ. Негізінде намазда адамның көзін тартатын
нәрселер болса, мұндай жағдайда намазды көңіл қойып
оқу үшін көзін жұмуға болады. Ал көзін көкке тігу
мәселесіне келсек, Аллаһ Елшісі былай дейді:
«Бұл
әрекетін тоқтатсын немесе Аллаһ олардың көздерін
көр етеді»
214
.
18. Саусақтарын бір-бірімен айқастыру, шытырлату –
мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Мешіттегі
212
Бухари, Бәд’л-Халқ, 11. Әдәб, 127
213
әш-Шәукани, II 138
214
Бухари, Азан. 93.