Previous Page  173 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 520 Next Page
Page Background

173

Намаз

4. Намаз оқыған кезде ешқандай себепсіз бір

нәрсеге сүйену (қабырғаға, тірек, т.б.).

5. Намазда себепсіз бір-екі қадам жүру. Бірақ,

жылан немесе шаянды өлтіру секілді белгілі бір себеп-

термен жүрсе – мәкрүһ емес. Бірақ бұл жүру көп іс-

қимылды тудырса намаз бұзылады. Бұндайда зиянкесті

жою үшін намазды бұзуға болады.

6. Қырағатта сүрелердің кезекпен оқылмауы –

мәкрүһ. Мысалы, бірінші рәкатта «Нас» сүресін оқып,

одан кейін «Ықылас» сүресін оқу тәрізді.

7. Бір рәкатта бір сүренің екі рет оқылуы немесе

парызда екі рәкатта да «Фатихадан» кейін дәл бірдей

сүрені қайталап оқу – мәкрүһ. Бірақ бұл нәпіл намаздарда

мәкрүһ емес.

8. Намаз оқыған кісі қолымен киім, дене, сақалымен

ойнауы және алақанымен аузын басуы, т.б. Хадисте бар:

«Аллаһ сендер үшін үш нәрсені мәкрүһ санады: Намазда

бос нәрселермен айналысу, оразада жаман сөз айту,

мазаратта күлу»

210

. Бірақ жүздегі терді сүрту немесе

сәжде ететін жердегі ұсақ тастарды бір рет түзетуді

дұрыс санаған

211

.

9. Намазда қиям (түрегеп тұру), қырағат, рүкүғ және

сәжде кездерінде қолдарды сүннет болған мүшелерге

себепсіз қоймауы – мәкрүһ. Мысалы, қиямда екі қолын

екі жаққа тастауы секілді.

10. Намазда бит, шыбын, т.б. өлтіру, қуалау –

мәкрүһ. Бірақ құмырсқа секілді жәндіктер шағып маза-

сын кетірсе, алып тастауға болады.

210

Бухари, Зәкәт, 53.

211

Ибн Абидин, I, 600.