Previous Page  169 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 520 Next Page
Page Background

169

Намаз

« رأيت رسول ال صلى ال عليه وسلم حين فرغ من الصلاة

حتى رأيت خده من هذا الجانب ومن هذا الجانب وقرأ ( غير

المغضوب عليهم ولا الضالين) فقال : » آمين « يمد بها صوته ما

أراه إلا يعلمنا »

«Әбу Сакан Хужр ибн Ғанбас әс-сақафи: Уайл

Ибн Хужр әл-Хадрамидың былай дегенін естідім:

«Пайғамбарымызды намазды тәмамдағаннан кейін

көрдім, тіпті, Оның (с.а.у.) жүзін мына жағынан да,

ана жағынан да көре алдым. Ол (с.а.у.): «ғайрил

мағдуби алайһим уәладдаллин» деп оқығаннан кейін

«Әмин» деп даусын созды. Мен мұны тек бізге үйрету

үшін жасады деп ойлаймын».

(Мухаддис Зафар Ахмад,

Иғлаус-сунан, 2-том, 237-бет. Бұл хадисті риуаят еткен

кісілердің бәрі сенімді. Тек Иахия ибн Саламаны бірқатар

ғалымдар әлсіз десе де, Хаким, Ибн Хиббан секілді хадис

ғалымдары қуатты деп бағалаған).

Міне, пайғамбарымыз (с.а.у.) «әминді» дауыстап

оқыды деген хадисті риуаят еткен Уайл Ибн Хужр

пайғамбарымыздың «әминді» жария айту себебінің

«үйрету» мақсатында екенін айтуда. Пайғамбарымыз

«әминді» дауыстап айтты деген негізгі хадистерді осы

Уайл Ибн Хужрдың риуаят еткенін ескерсек, Ханафи

ғалымдарының «үйрету мақсатында» айтуы мүмкін

деген сөздерінің қаншалықты негізді екенін аңғаруға

болады.

Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) әминді әрдайым жария

айтқан болғанда, Омар, Али, Ибн Мәсғуд секілді саха-

балар іштен айтпас еді. Әбу Сағид

«Омар да, Али да

«бисмиллаһир-рахманир-рахимді» және «Әминді»