175
Намаз
кісі – саусақтарын бір-бірімен айқастырмасын.
Өйткені, мұндай іс-әрекет – шайтаннан. Мешіттегі
кісі – сыртқа шыққанға дейін намазда»
215
. Әбу Һурайра:
«Аллаһ Елшісі намаздарда саусақтарды шытырлатуға
тыйым салды»
– деген.
19. Намазда сәлем бермей жатып терді немесе
жүзіне жұққан шаң-тозаңды сүрту – мәкрүһ. Бірақ көзге
кіретіндей болса, ондай терді сүртудің оқасы жоқ.
20. Имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге бару, одан
бұрын рүкүғ немесе сәждеден басын көтеру – мәкрүһ.
Бірақ имамға ұйыған адам имамнан бұрын рүкүғ немесе
сәждеге барып, имам рүкүғке яки сәждеге бармай жатып,
басын көтерсе, намазы бұзылады. Бұндай жағдайда,
имам рүкүғтан яки сәждеден тұрмай тұрып, имаммен
бірге рүкүғті яки сәждені қайтадан жасауы керек.
21. Қиям, рүкүғ және сәжде арасында тәкбір мен
тәсбихтарды өз ретінен кейінге қалдыру – мәкрүһ.
Мысалы, қиямнан рүкүғке барғаннан соң «Аллаһу әкбар»
деу секілді.
22. Жанған отқа қарай намаз оқу – мәкрүһ. Өйткені
мұнда отқа табынушыларға ұқсау бар. Жанған ошақ пен
пеш, газ да осыған жатады. Шырақ, лампа, электр пеші
бұған жатпайды.
23. Арасында ешқандай пердесіз бір адамның
жүзіне тікелей қарап намаз оқу – мәкрүһ. Бірақ адамның
арқасына қарап намаз оқуға болады.
24. Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке
қысылып тұрып намаз оқу – мәкрүһ. Бұл тұрғыда:
Пайғамбарымыздың (с.а.у.):
«Тамақ әзір тұрғанда және
215
әш-Шәукани, II, 328