172
Ислам ғылымхалы
5. Ерлер ифтитах (бастау) тәкбірін алған кезде,
қолдарын жеңдерінің сыртына шығару.
6. Намазда мүмкіндігінше жөтелмеуге, кекірмеуге,
есінемеуге тырысу және есіней қалса, аузын сол қолының
сыртымен басу яки астыңғы ернін тістесе де ауызды
ашпауға тырысу.
7. Жеке намаз оқыған кезде рүкүғ пен сәжде
тәсбихтарын үштен артық оқу
208
.
Намаз мәкрүһтері
Намаздағы мәкрүһтер – тахрим мәкрүһ (харамға
жақын) және тәнзиһмәкрүһ (харамнан қашық) болып екіге
бөлінеді. Намазда бір уәжіпті тәрк ету – тахрим мәкрүһ,
намазда бір сүннетті тәрк ету – тәнзиһ мәкрүһ
209
.
Намаздағы мәкрүһтер:
1. Намаздың уәжіптерінің бірін әдейі тәрк ету.
Мысалы «Фатиханы» оқымау. Немесе әдейі құпия
оқылатын намазды жария оқу яки жария оқылатын на-
мазды құпия оқу секілді. Тахрим мәкрүһ болған мұндай
намаз дұрыс десек те, қайта оқылуы уәжіп. Өйткені,
кемістік ұмытылмай, әдейі тасталынып отыр. Ұмытылып
тәрк етілсе, қателік (сәһу) сәждесі арқылы түзетіледі.
2. Екінші рәкатты бірінші рәкатқа қарағанда ұзақ
оқу – мәкрүһ.
3. Намаздың сүннеттерінің бірін әдейі тәрк ету –
мәкрүһ. Мысалы, рүкүғтегі тәсбихті оқымау.
208
ДИА. 255-226.
209
Кәсани, I, 215-220; әз-Зуһайл, а.а.е., I, 770.