176
Ислам ғылымхалы
кіші, үлкен дәреті қысқан адамның оқыған намазы
толық емес»
216
– деген сөзі бар.
25. Аз мөлшерде ластықтың дене немесе намаз
оқылатын жерде болуы – мәкрүһ.
26. Бір аяқпен тұру немесе бір аяғын бір аяғына
сүйеу – мәкрүһ.
27. Намазда киімді себепсіз кимей, иығына жауып
оқу – мәкрүһ.
28. Таза киімі бола тұрса да, кір киіммен оқу –
мәкрүһ.
29. Ерлердің күн ыстықта үстіне киім кимей оқуы –
мәкрүһ.
30. Ерлердің ешқандай себепсіз жібек киіммен намаз
оқу – мәкрүһ.
31. Киімнің шаңдануынан немесе тізесі шығып,
қырының бұзылуынан сақтану үшін, рүкүғ немес сәждеге
барған кезде киімді жайлап жоғары көтеру – мәкрүһ.
32. Адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен
намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету – мәкрүһ.
Бірақ, мұндай киімнің үстін басқа киіммен жауып оқыса,
ештеңе етпейді.
33. Намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы
мен солында жанды нәрселердің суреті тұруы – мәкрүһ.
Бірақ мүшелері жай қарағанда көрінбейтін кішкене бір
суреттің оқасы жоқ. Төлқұжат, куәлік, ақша сияқты
нәрселердегі суреттер қалта секілді жабық жерде болса,
ештеңе етпейді.
216
Муслим, Мәсажид, 67.