

180
Ислам ғылымхалы
намазды бұзады. Намаздың бір рәкатының сәждесін тәрк
етіп, мұны сол намазда қаза етпей сәлем беру секілді.
11. Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам
сыятындай орын болмай немесе перде, дуал, т.б.
бөлінбей әйелмен бір сапта намаз оқуы – намаз-
ды бұзатын нәрсе.
Ханафи мәзһабында әйел адам ер
кісілердің арасында бір сапта намаз оқыса, әйелдің екі
жанындағы екі еркектің және дәл артындағы бір еркектің
намазы бұзылады. Намаздың бұзылуы намаздағы парыз
саналған сап ретінің тәрк етілуіне байланысты.
12. Тәйәммүммен намаз оқыған адамның су көруі.
Тәйәммүммен намаз оқыған адам, пайдалануға шамасы
келетін суды көрсе, намазы бұзылады. Мысалы, намаз-
да тоқтап қалған судың келуі секілді. Бірақ Ханафида,
тәшәһһүдта отырғаннан кейін судың табылуы намазды
бұзбайды. Өйткені, бұл кезде намаз аяқталған.
13. Намаз бітпейжатып сәлем беру.
Төрт рәкаттан
тұратын намазды ұмытып, екі рәкат санап, бірінші
отырыстың соңында сәлем берген адамның намазы
бұзылады. Бірақ төрт рәкат екенін біліп, қателесіп бірінші
отырыстан кейін сәлем берсе, намазы бұзылмайды.
Сәлемнен кейін көп іс-қимыл жасамаса немесе сөйлемесе,
қайтадан тұрып намазының қалған бөлімін орындайды.
Кешіктіргені үшін сәһу сәждесі жасалады
220
.
14. Парыз, уәжіп намаздарының уақыты
шыққанда.
15. Мәсіге тартылған мәсіх уақытының
аяқталуы.
220
Білмен, 222-227; Дөндерен, 274-286.