Previous Page  183 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 520 Next Page
Page Background

183

Намаз

Намазға (жан рақатына) асық.

Азаттыққа, мәңгілік бақытқа жетуге асық.

Аллаһ аса ұлы, Аллаһ аса ұлы

Аллаһтан басқа құдай жоқ.

Бамдат намазында екі рет «Хаййә ‘аләл-Фәләх» де-

геннен кейін, екі рет «әс-салату хайрун миннән-нәум»

(ұйқыдан намаз жақсы) сөздері қосылып айтылады.

Азанның шығу тарихы

Меккеде жүргенде, мұсылмандар ғибадаттарын

жария түрде орындай алмай, намаздарын жасырын түрде,

ешкімге көрінбей ғана оқитын еді. Осыған байланысты

ол кезде халыққа жар салып, ашықтан-ашық намазға

шақыру ойға да кіріп шықпайтын нәрсе еді.

Ал, Һижреттен кейін, яғни, мұсылмандар Мәдинаға

көшкеннен кейін жағдай күрт өзгерді. Бұдан былай

халықта діни бостандық бар еді. Мұсылмандар

еш қысылмастан ғибадат-құлшылықтарын жасай

алатын болды. Бұрынғыдай кәпірлердің зорлық-

зомбылықтарынан құтылып, жандары жай таба бастаған

еді.

Көпшіліктің күшімен Пайғамбар мешіті де

тұрғызылып қойған еді. Алайда намаз уақыты кіргенде

халықты мешітке жинайтындай бір шақыру түрі әлі

белгіленбеген болатын. Мұсылмандардың бір бөлігі

мешітке ерте келіп, намаз уақытының кіруін күтіп отыра-

мыз деп, басқа істері бітпей қалып жүрді. Енді біреулері

намазға кешігіп, қапыда қалып жүрді.