185
Намаз
– Мен саған одан да жақсы бір шара үйретсем
қалай қарайсың? – деді.
– Әрине, тіпті жақсы болар еді, – дедім мен.
Сонда жаңағы кісі құбылаға қарай бұрылды да,
азан сөздерін толығымен айтып берді. Содан кейін сәл
бөгелді де, азан сөздерін қайта айтып, аяғына таман
2 рет «Қад қаматиссалаһ» деген сөйлемді қосты (бұл
иқамет болатын)».
Абдуллаһ (р.а.) таң атар-атпастан қуанышы қойнына
сыймай, көрген түсін келіп Пайғамбарымызға айтып
береді. Пайғамбарымыз тыңдап болып, азанды сол
қалпында айтуды лайық көреді де, Абдуллаһқа (р.а.)
көрген түсін халыққа айтып, азан сөздерін Хз.Біләлға
үйретуді бұйырады. Осыдан кейін, Біләл (р.а.) өзінің зор
даусымен азан айтып, Мәдинәні жаңғырта бастайды.
Мәдинәні жаңғырықтқан азанды естіген Хз. Омар
сол арада пайғамбарымыздың қасына келіп мән-жайды
білген соң былай дейді:
– Пайғамбарым, сені хақ дініңмен елші қылып
жіберген Аллаһқа ант етейін, Абдуллаһтың көрген түсін
мен де көрдім.
Пайғамбарымыз екі кісінің бірдей түсті көргеніне
Аллаһқа шүкір етті. Сол түні 7 сахабаның дәл сондай
түс көргендігі деп айтылады. Сөйтіп, азанның дәл сол
қалпында айтылуы керектігіне еш күмән қалмайды.
Исламның соншалық табиғи, таза дін екендігін
осы азаннан да білуге болады. Жансыз, мағынасыз,
сезімсіз бір қоңырау шалу, немесе сырнай тарту, от жағу
сияқтылардың ешқайсысы азанмен теңестіріле алмасы
анық.
* * *